Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Түркияда орман өрті салдарынан туристер эвакуацияланып жатыр

AstanaTV
27.06.2016ж. 20:00
1438
Түркияда орман өрті салдарынан туристер эвакуацияланып жатыр

Түркияда жағдай мәз емес. Курортты аймақтарда орман өрті өршіп тұр. Салдарынан туристер жаппай эвакуацияланып жатыр. Тілсіз жаудың ошағы Олимпос қаласында. Рейтерстің хабарлауынша, қаланың өзінде және жақын арадағы туристік аймақтарда адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары қолға алынған.

Қазір Антальяда демалу маусымының қызған шағы. Алайда қапырық ауа райы мен ыстық жел оның шырқын бұзды. Мұнда қазір термометр көрсеткіштері +40 градустан асып жатыр. Жағдайдың ушығып тұрғанына бір аптадан асқан. Еске салайық, Түркиядағы туристік ағын терроризм қаупі салдарынан біраз кеміген еді. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА