Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Съезде өңірлер үшін өзекті мәселелер көтерілді

AstanaTV
11.03.2022ж. 20:00
1551
Съезде өңірлер үшін өзекті мәселелер көтерілді

"Жаңа Қазақстанды" құру жолында жаңарған аманаттықтардың міндеттері  -  айқын. Партия негізгі құндылықтарды қалдыра отырып,  әлеуметтің әлеуетін көтеретін нақты шараларға басымдық бермек. Бұл өңірлер үшін де – өзекті. Атап айтар болсақ, ауыл жастарына арналған «Өрлеу», жұмыссыздарға «Сәтті қадам» бағдарламалары серпін беретініне сенімді.  

Аманкелді АБДОЛОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Тазалайық» жобасы бұл экологиялық өңірлердегі мәселелерді көтеру және оң шешімдерін алу жөнінде  барлық облыстық  мәжілістегі депутаттар арқылы  және қоғам белсенділер арқылы, жергілікті партия мүшелері арқылы  жетістіктерге жеткізу. Екінші «Әлеумет» әртүрлі әлеуметтегі болып жатқан жағдайларды уақытында қарап зерделеп, мейілінше шешім шараларын алуға бағыттау.

Досхан ОДАМАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ КЕНТАУ қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Съезде партияның атқарушы хатшысы Асхан Оралов ұсынған партияның жаңғыртылуында ұсынған негізгі жеті бағыты бұл- еліміздің саяси экономикалық өсіп өркендеуіне , мәдени дамуына ерекше серпін береді деп ойлаймын.

Жастар да жеткен жетістікке мастанбай, көпшілікті алаңдатып жүрген мәселелерге нақты тоқталып, оның шешу жолдарын қарастыру, бұл  -  жаңарған партияның жаңа бетбұрысының айқын дәлелі екенін айтады. «Жас отан» бұдан былай тек студенттердің ғана емес, барлық саланың лидерлері топтасқан орталыққа айналмақ.

Әкежан КЕҢЕСОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 
Ынта-жігері мол жастарды, әсіресе, әр fрнаның лидерін, мейлі ол жұмыссыз жас болсын, мейлі базар жастары болсын, өнер саласының жасы болсын, білім саласындағы жастар болсын, әр ортаның өз лидері бар. Және сол лидерлерді өзіміздің айналамызға топтастыра білуіміз керек.  +Мен өзіме түйгенім,  «Жас Отан» жастар қанаты жастардың ең бірінші мәселесін көтере білетін жастардың сеніміне ие бола алатын  жастар арасындағы  ұйымға күшке айналуы тиіс.


Б. Надірқызы