Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жеңісті жақындатқан жауынгерлердің ерлігі насихатталды

AstanaTV
27.06.2016ж. 20:00
2940
Жеңісті жақындатқан жауынгерлердің ерлігі насихатталды

Жеңісті жақындатқан жауынгерлердің ерлігі насихатталды. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен түсірілген  «Отан үшін от кешкендер» фильмі Алматы жұртшылығына көрсетілді. Екі бөлімді қамтыған деректі фильмге Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетовтердің ерліктері арқау болған. Сондай-ақ Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сынды  батыр апалардың аңызға айналған ерлік істері баяндалады. Фильм арқылы көрермен Панфилов атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің жанкештілігі мен майдан алаңындағы көпшілік біле бермейтін жайттерге де қаныға алады.  

Рүстем Хайдаров, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық  бірлестігінің төрағасы, генерал-майор:

Киноның бір кереметі - сол Ұлы Отан соғысында Ржевтің түбіндегі 100-101 атқыштар бригадасының қатысқаны, ол жерде енді 98 пайыз әскер қаза тапты. Сол құпия болып көрсетілмей жүрген ғой. Соны жуырда ғана ашқан, соны ашып көрсетеді. Қазақстандықтардың мынау ерлік батырлық көрсеткендері қай жерде қалай соғысты, сол  әлгі  киноның ішінде айтылады.

Екінші дүниежүзілік соғысқа Кеңестер Одағынан 30 миллион әскер жұмылдырылса, соның 1 млн 200 мыңы - қазақстандық жауынгерлер. Яғни сол кездегі 6 миллиондай халықтың әрбір бесіншісі майданға аттанды. Оның жартысына жуығы опат болды. 500 жауынгер Кеңес Одағының батыры атанды. Осындай  ержүрек батырлар сыйлаған жеңістің бағасын бүгінгі ұрпақ білуі тиіс, - дейді генерал.