Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарағандыда тағы бір адам сібір жарасы деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

AstanaTV
28.06.2016ж. 20:00
2130
Қарағандыда тағы бір адам сібір жарасы деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тағы бір адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Фазыл Көпебаев мәлімдеді.

Медициналық академияның 5 курс студенті маусымның 18-і күні ауруханада кезекшілікте болған. Дәл сол түні «асқазаны бұзылды» деген күдікпен жеткізілген науқасты тексереді. Әйелдің сібір жарасын жұқтырғаны 2 күннен соң анықталып, кейін ол көз жұмған еді. Марқұммен байланыста болған студент тиісті емін алған. Бірақ арада 10 күн өткенде, одан сібір жарасының белгілері байқалды. Бүгінде сынамалар алынып тексеруге жіберілді. Зертхана қорытындысы бірер күнде дайын болады.

Қазір студенттің жағдайы қанағаттанарлық. Онымен бірге науқастармен қарым-қатынаста болған өзге дәрігерлер де бақылауға алынған. Бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасында 8 адам ем алып жатыр.

Ал Еркіндік ауылында 3 мыңнан астам ірі қараға қайта вакцина салынған. Ауылдағы төрт түлік түгелдей оқшауланды.

Айжан ҚУАШ