$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Батысқазақстандық ауыл әкімі кәсіпкерлікпен айналысамын деп істі болды

AstanaTV
15.03.2022ж. 20:00
1546
Батысқазақстандық ауыл әкімі кәсіпкерлікпен айналысамын деп істі болды

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі кәсіпкерлікпен айналысамын деп істі болды. Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жаңақала ауданындағы Жаңақазан ауылдық округінің әкімі Әлібек Лұқпановтың жеке қожалығы болған. Ал мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлікпен айналысуына болмайды, тіпті бұл іске заңмен тыйым салынған. Бірақ мұны елемеген ауыл басшысының мемлекеттік қызметте жүрсе де, тоғыз жыл бойы кәсіпкерлікпен айналысқанын салық органдары анықтапты.

Нұргүл ҚАНАТБАЕВА, БҚО ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап жазасын жеңілдетуді сұрады. ҚР ӘҚБК 154-бабына сәйкес, Лұқпановқа 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, тәрбиесінде кәмелетке толмаған балалары болғандықтан, айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, түпкілікті 428 820 теңге айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Е. Карин