Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мал қорымдарын бақылау бетімен кеткен - К.Мәсімов

AstanaTV
28.06.2016ж. 20:00
2121
Мал қорымдарын бақылау бетімен кеткен - К.Мәсімов

Мал қорымдарын бақылау бетімен кеткен. Премьер-министр Кәрім Мәсімов Үкімет отырысында осы мәселені сынға алды. Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарын қорытындылаған үкімет басшысы бірқатар жәйттерге тоқталды. Мал жайылатын аумақ пен өлекселер көмілген қорымдардың арасы алшақ болуы керек. Әрбір малшы оның картасын бес саусақтай білуі шарт. Немесе мықты күзет керек, - дейді Мәсімов.

Айта кетейік, соңғы күндері Қарағанды облысында, оның артынша Шығыс Қазақстанда "сібір жарасы" індетінің анықталғаны белгілі. Қауіпті жұқпалы аурудың қоздырғыштары топырақ қабатында ондаған жлдар бойы сақталады. Сондықтан мал қорымдарын бақылау аса маңызды, деді премьер. Мұнан бөлек, санитарлық бақылау мен денсаулық сақтау саласын тездетіп біріктіруді тапсырды. Аймақта елді дүрліктірген дерт шыққанда, проблеманың нақты қайдан бастау алғанын біле алмай, бір біріне сілтеушілік байқалған.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Ол қорымдарға малдың өлексесі 50,100 жыл бұрын көмілген. Қауіпті аумақ ретінде қырағы күзетілуі керек. Оған қоса, қаражат та бөлінген. Ол қайда жұмсалып кетті, кім жауап береді анықтау керек. Асқар Исабекұлы, әкімдермен біргіп, осы мәселін қадағалауды тапсырамын.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ