Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шығыс Қазақстанда ет өнімдеріне бақылау күшейтілді

AstanaTV
28.06.2016ж. 20:00
2060
Шығыс Қазақстанда ет өнімдеріне бақылау күшейтілді

Шығыс Қазақстан облысында ет өнімдеріне бақылау күшейген. Бұл туралы ветеринарлық бақылау басқармасының мамандары айтты. Олардың мәліметінше, аймақтағы базарлар бордақыланған малдың етін арнайы жерлерде қабылдап жатыр.

Сәуле Жұмагелдина, ШҚО ветеринарлық бақылау басқармасының бөлім басшысы:

Зертханалық сараптамадан өтпеген ет өнімдері дүкен сөрелеріне түспейді. Базарға түссе де, оны ветеринар маман қарап, құжаттарын тексереді. Содан кейін ғана ветеринарлық-санитарлық бақылауға жіберіледі және сол жақта етке қайта сараптама жасалады.

Айта кетейік, облыстағы "Айғай Кезең" ауылында сібір жарасы індеті анықталып, осыған байланысты карантин жарияланған болатын. Қазір тиісті эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізілуде. Мал қорымы бұл ауылда 40 жылдан бері бар, ол жер астында орналасқан су өтпейтін бетон құрылғысынан тұрады. Мамандардың пікірінше, ауыл маңында жұқпаның табиғи ошағы болуы мүмкін. Мар қорымы қазір қоршалған, дейді олар. Мұнда "сібір жарасы" деген жазуы бар тақтайша ілініп, қосымша қаржы бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, - дейді ветеринарлар. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ