Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әуежай аукцион арқылы сатылмақ

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
879
Әуежай аукцион арқылы сатылмақ

Қызылжардың әуежайы аукцион арқылы сатылмақ. Бұл жайында облыстық жолаушылар тасымалдау басқармасының өкілдері хабарлады. Әуежайдың бастапқы бағасы 5 жарым миллиард теңгенің шамасында болмақ. Билік өкілдері стратегиялық нысанды 2020 жылы комитеттің құрамынан шығарып, облыстық әкімдіктің меншігіне өткізді. Алайда,  мемлекеттік органдардың басқаруынан нәтиже шықпаған көрінеді. Сондықтан шенеуніктер енді оны жекенің қолына бермекші. Ал нысанның жаңа қожайыны оны тек басқарып қана қоймай, инвестиция құюға міндеттелмек.  Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеуі және оның жаңғыруы үшін кемінде 1.5 миллиард теңге қажет, дейді сала мамандары. Айта кетейік, Петропавл әуежайы 2015 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын. Сол уақытта ұшып-қону жолағы мен терминалды жаңғыртуға республикалық бюджеттен шамамен 7 миллиард теңге бөлінген. Бүгінде аукционда ұсынылған баға бұдан әлде-қайда төмен. Қазір мұнда ұшақтар 3 қалаға ғана ұшады.

А. Құрманкин