Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының іске қосылу мерзімі белгілі болды

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
693
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының іске қосылу мерзімі белгілі болды

Елді елең еткізген жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан іске қосылады? Бастапқы жарнасыз берілетін несиенің көлемі қандай?  Толығырақ "экономика жаңалықтары" топтамасында.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан іске қосылатыны белгілі болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің    мәліметінше, бағдарлама келер айда іске қосылады. Қазір талаптар мен критерийлер пысықталып жатыр.  Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңге. Ал  автобустарды жаңартуға  30 млрд теңге жұмсау көзделген.

Олжас САПАРБЕКОВ, ҚР ИИДМ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Бұл бағдарламаның игілігін кез-келген адам көре алады.   Несиені бастапқы жарнасыз, 7 жылға дейін беру көзделген. 1 автокөлік үшін  максималды сома 10 млн теңгеден аспайды.

Ресейге салынған санкциялар тауар айналымына әсер ете ме? Бұл сұраққа бүгін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин жауап берді. Ведомства басшысының айтуынша, әзірге бағаның өсуіне қатысты проблема жоқ.  Бірақ логистикалық қиындықтар болып жатқанын жасырмайды. Ол шешілетін мәселе екенін айтады. Агенттік басшысы, керісінше, ресейлік тауар бағасы төмендеуі мүмкін дейді.

Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Санкция кезінде кейбір тауар түрі арзандауы да мүмкін. Өйткені Ресей үшін экспорттайтын мемлекетпіз. Ресеймен арадағы сыртқы сауда айналымы 40 пайызға жуық болады. Бұл бір жағынан жақсы, бірақ санкцияға байланысты кері тұстары да бар. Дегенмен бұл мәселеде тауар көлемі төмендемейді.


Сондай-ақ, агенттік төрағасы тұрғын үй бағасына байланысты да пікір білдірді. Оның пайымынша, баспана құнының қалай құбылатыны  елдегі және сырттағы экономикалық жағдайларға тәуелді.  

Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Халық жинаған ақшасының бәрін баспанаға салады. Сондықтан біз бұл мәселеге мониторинг жүргіземіз. Баға қатты өседі деп ойламаймын. Өйткені бұл халықтың төлем қабілетіне тікелей байланысты.

Б. Сатуов