Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Саяси алаңды жаңарту, саяси алаңға жаңа ойыншылардың келуі", - А.Сарым

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
752
"Саяси алаңды жаңарту, саяси алаңға жаңа ойыншылардың келуі", - А.Сарым

Жолдауда айтылған жаңа саяси реформалардың түпкілікті мақсаты саяси алаңды жаңарту. Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте, Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым осылай деді. Саяси алаңға жаңа ойыншылар мен өзгеше ережелер керек екенін Президент меңзеді деп топшылайды.

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Кешегі партиялар туралы заңға өзгеріс, бүкіл сайлау үдерістеріне өзгеріс, конституциялық өзгерістер айналып келгенде мақсаты біреу. Саяси алаңды жаңарту, саяси алаңға жаңа ойыншылардың келуіне мүмкіндік беру. Сол арқылы жаңа саяси диалогты бастау, сөзсіз саяси сенімге итермелеу, саяси жаңа ойын ережесін қалыптастырып жаңа саяси мәдениетке бағынуымызға итермелеу.

Президент жолдауын саралағандар арасында, депутаттардын өзге, тарихшы, заңгерлер болды. Адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов Жолдауындағы сот және құқық қорғау жүйесіне енгізілген өзгерістерді маңызды қадам деп бағалайды.

Марат БӘШІМОВ, ЕУРОПАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Осыған дейін, үнемі айтып жүретінмін: Жоғарғы сот ашық болуы керек деп. Біз соттың әділ, ашық және айқын болғанын қалаймыз. Оның жабық болғаны, жемқорлыққа итермелесе - оның пайдасы не? Президент осы нәрсеге басымдық қойды және енді барлық сот онлайн түрде тікелей өтуі керек. Бұл өте маңызды қадам.
 

Ә. Дүкембаева