Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жолдау әлемдік БАҚ-тың назарын аударды

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
1219
Жолдау әлемдік БАҚ-тың назарын аударды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын бүкіләлемдік БАҚ өкілдері жарыса талқылауда. Маңызды мәлімдеме туралы сараптамалық мақалаларды жаһанның ең ірі басылымдарының бірінші беттерінен көруге болады. Олар Қазақстан Президентінің бастамалары мен ұсыныстары елдің ары дамуына қалай әсер ететінін болжап бағуда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан кейін әлемдік БАҚ отандық журналистермен жарыса оны талдауға кірісті. Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанды жіті бақылап отырған шетелдік басылымдар мемлекет басшысының мәлімдемесінің мазмұнынан бөлек, жаңа ұсыныстардың әсері туралы пікірлерін жариялауда. Мәселен, америкалық The Diplomat Президент ұсынған саяси реформаларға назар аударған.

THE DIPLOMAT:

Қ.Тоқаев «Жаңа Қазақстанды» құруға уәде берді. Ал сөзінің соңында «геосаяси дауыл» жағдайында Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау ең маңызды міндет екенін айтты. Реформалық ұсыныстарға толы сөздерінен кейін ол авторитарлық тақырыпқа қайта оралды. Қазір кез-келген себеп бойынша наразылық білдіретін әрі өз қызметін атқарып жүрген полицейлерге шабуылдайтын уақыт емес, деді. Қ.Тоқаевтың пікірінше, ретсіз саяси реформалар мемлекеттің әлсіреуіне ұрындырады.

Ал, Белгиялық EU Reporter журналисі Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Президент жақындарының билік маңына топтасуын тоқтатуы қажет» деген шешімін қолдаған. Тіпті, автор бұған дейінгі президенттің жақындары жұмыс істеген мекемелерді тізіп шыққан. Бұдан өзге, Президент баса айтқан сөз бостандығын автор да құптаған. Басылымның экономикасы өтпелі елдердің Үкіметі, ақпарат құралдарын кедергі көреді, дейді.

EUREPORTER:

Президент Қ.Тоқаев БАҚ туралы заңнаманы қайта қарап, әрі қарай демократиялық өзгерістер енгізуде және азаматтар мен билік арасындағы кері байланыс тетіктерін кеңейтуде Үкіметке одақтас болуға қауқарлы ашық, бәсекеге қабілетті, жауапты БАҚ қалыптасуы үшін барлық жағдайды жасауға уәде берді. Олар өз жұмысын еш қысымсыз, өзге күштердің араласуынсыз орындайтын, ізденімпаз болуы маңызы рөл атқаратынын айтты.


Ал испандық «Эльдиарио» бұдан былай Қазақстанда «мықты Парламент» болатынын атап өтті.  Француздық «Эхо» барлық реформаларды егжей-тегжейлі көрсетумен қатар, Қазақстан Президентінің оларды мүмкіндігінше тезірек жүзеге асыруға кірісуге ниетті екеніне назар аударды. Испандық «Eldiario» басылымы Қазақстанда бұдан былай «күшті Парламент» болады деп отыр.

«LES ECHOS»:
 
Президент Қ.Тоқаев оппозиция тарапы сынап жатқан бұл реформаларды тезірек іске асыруды көздейді. Үкіметтің кезектен тыс жиыны 18-наурызға жоспарлануда. Президент жариялаған мәлімдемеге сәйкес, мақсат сәрсенбіде жарияланған реформаларды бастау үшін атқарылатын міндеттерге баса назар аудару.

Америкалық Associated Press  агенттігі аудитория назарын «тоқырауды» тереңдетпеу үшін суперпрезиденттік жүйеден бас тарту қажеттілігіне аударған. Ал, Газет.ру.жаңа мемлекеттер институты сарапшысының «Президенттің бастамасы - оқиғалардан алынған сабақ» деген сөзін мысал ретінде келтірген.

Л. Қуанышқызы