$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Қостанай облысының диқандары жолдаудан кейінгі қолдауға үміттенеді

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
359
Қостанай облысының диқандары жолдаудан кейінгі қолдауға үміттенеді

Мемлекет басшысы кешегі Жолдауда көптеген шаруалардың егіске әлі дайын емес екенін айтқан болатын. Сондықтан мұны Үкімет пен әкімдіктер ерекше бақылауға алуды тапсырды. Былтырғы қуаңшылық шаруалардың шаруасын шатқаяқтатып кетті. Тіпті, кейбір диқандардың тыңайтқыш түгілі егістікке тұқымы жоқ. Олар қолдауға мұқтаж. Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша биыл 5 миллион гектардан астам алқапқа дән егіледі. Көктемгі дала жұмыстарына 43 мыңнан астам түрлі ауыл шаруашылық техникасы жұмылдырылады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 71 мың тонна дизель отыны 20 пайыз жеңілдетілген бағамен беріледі. Өңір диқандары мемлекет басшысының жолдауында айтылған қолдау шаралары толық жүзеге асатынына сенеді.

Татьяна ПФУНТ, ДИҚАН:

Көптеген шаруа қожалықтары былтырғы қуаңшылыққа байланысты өте қиын жағдайға тап болды. Одан Президенттің хабарлар екенін кеше Жолдауда естідік. Сондықтан биыл ауыл шрауашылығына айрықша көңіл бөлінеді деп үміттенеміз. Оларға барлық жағдай жасалады деп ойлаймын. Расында көмекке мұқтаж.


З. Санай




orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах