Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Сайлауға халықтың сенімі азайған», - Н. Әбдіров

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
1293
«Сайлауға халықтың сенімі азайған», - Н. Әбдіров

"Сайлауға халықтың сенімі азайған".  Бүгін жұртшылықпен жүздескен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров осылай деді. Ол осыған дейін   5 өңірде болып, сайлаушылармен кездескен.  Негізгі мақсат- тұрғындардың сайлауға қатысты пікірлерін білу, ұсыныстарын жинақтау, дейді. Оның үстіне, енді аралас сайлау жүйесі  енгізіледі. Шынайы жанашырлардың билікке көптеп келуі үшін халықтың сайлауға белсенді қатысуы маңызды болмақ. Сайлау комиссиясының төрағасы кемшіліктің көп екенін  жасырмады. Әлі де өңірлерді аралап, жұрттың пікірін тыңдайды. Соның негізінде тиісті заңнамаға өзгеріс енгізу үшін ұсыныс берілетінін айтты.   

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бес өңірден сұрап шықтым. Ай бізсіз де барамыз ба, бармаймыз ба бәрі шешіліп қойған деп айтады. Осы қолдарыңды көтеріңдерш кім сайлауға қатысып жатыр, кім алдағы сайлауларға барады деген кезде 20-25 пайызы ғана қолын көтереді. Ал бұнымен Жаңа Қазақстанды сала алмаймыз. Санауға байланысты проблема бар. Ал сонымен қатар сыртта тұрып, қол сұғуға ұмтылатындар болу мүмкін. Оларға шектеу қоюға Президент тапсырма берді.  

Т. Әлжанов