Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елорда көшелеріндегі қате жазуларды түзетуге 7 млн. теңге бөлінді

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
1110
Елорда көшелеріндегі қате жазуларды түзетуге 7 млн. теңге бөлінді

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы    креативті жобаларды қаржылай қолдауға дайын. Бұл туралы   қоғамдық ұйымның президенті Берік Әбдіғали мәлімдеді. Алғашқы жобаға, елорда көшелеріндегі қателерді түзеуге 7 млн. теңге бөлінген.  Тағы 5 бағдарлама «Қазақ тілі мен мәдениеті» форумында таныстырылды. Олар -«Sozwar», «QAZAQ GRAMMAR», «Алтын ұрпақ», «Сөйле, тілім», «Салауатты ұрпақ» деп аталады. Жаңа бастамалар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған, дейді тіл жанашырлары.

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 
Көрнекі ақпарат» деген жобамыз Астана бойынша жүреді. Көшедегі қателерді дұрыстауға, қазақыландыруға, қалай олармен жұмыс істеу. Біздер интернеттік кеңістікте қазақ тіліне қызықты жобалар тарту, ең бастысы – жастардың ішіндегі жобаларды тарту. Соны болашақта біз қаржыландыру мәселесін шешеміз.

А. Съезбек