Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстандық боксшылар Сауль Альвареспен бірге жаттығуда

AstanaTV
25.03.2022ж. 20:00
1200
Қазақстандық боксшылар Сауль Альвареспен бірге жаттығуда

Хабарымыз әдеттегідей спорт жаңалықтарымен жалғасады. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, кеш жарық! Бүгін қандай қызық ақпараттармен бөлісесің?

Кеш жарық! АҚШ-та қазақстандық боксшылардың Сауль Альвареспен бірге жаттығып жүрген видеосы тарады. Осы және өзге де жаңалықтар сәлден соң.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай коронавирус жұқтырып, көзі көрмей қала жаздады. Дәрігерлер оның COVID-19-дың «омикрон» штамын жұқтырғанын айтқан. Көптен бері көрінбей кеткен спортшы  кеше әлеуметтік желіде денсаулығына байланысты жазба қалдырды. Сөзінше, сырқаттану жеңіл өткенімен, асқынулар пайда болып көзінде дақ пайда болыпты. Бірақ оған қарамастан Мұратбек жаттығуды тоқтатпаған. Алайда үш күннен кейін көзі тіпті ашылмайған көрінеді. Қазір ол оңалту курстарын қабылдап жатқанын жазды.

Мұратбек ҚАСЫМБАЙ, СПОРТШЫ:

Дәрігерлер маған мүлдем көрмей қалуым мүмкін екендігін айтты. Бұл кезде спорттық мансап туралы ойлауға мұршам болмады. Қазір жанкүйерлеріме нақты бір нәрсе айта алмаймын. Дегенмен, сіздерді өз жекпе-жектеріммен қуантатыныма сенімдімін. Жыл соңына дейін бірнеше жекпе-жек өткіземін деген жоспары бар.


Футболда тағы   сенсация! Италия құрамасы биыл да Әлем чемпионатынан тыс қалды. Іріктеу сатысында еуропалық құрамалар арасында өтпелі кезең ойындары өткен болатын. «С» тобындағы Италия құрамасы өз алаңында Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Енді Солтүстік Македония финалда Португалиямен ойнайды. Жеңген жағдайда дүбірлі додаға жолдама алады.

Көптен күткен жеңіс. УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан мен Молдова арасындағы ойында алаң иелері ұтылып қалды. Бірінші кезеңнің соңына қарай есепті Молдова құрамасы ашты. Ал, екінші таймда қазақстандық аяқ доп шеберлері таразы басын теңестірді. Ойын соңында қарсылас команда қателесіп, өз қақпасына гол салып жіберді. Қортынды есеп 2:1.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жапониялық әлем чемпионына қарсы кездесуге қалай дайындалып жатыр? Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері әлеуметтік желіде видео жариялады. Дайындық қызу. Еске салайық, Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек былтыр өтуі керек еді. Алайда, Жапонияда карантин талаптары күшейіп, айқас 9 сәуірге ауыстырылды.  

АҚШ-та қазақстандық боксшылар Сауль Альвареспен бірге жаттығып жүр. «Suleimen Promotions» (Сулеймен Промоушен) залдағы эксклюзивті видеомен бөлісті. Ол жерден Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Евгений Павлов пен Айдос Ербосынұлы мексикалық командамен шеберлік шыңдауда. Айта кетейік, мұнда Сауль Альварес жақында ресейлік Дмитрий Биволмен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр.

Бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон оққа ұша жаздады. Голливудтағы әзіл-ысқақ шоуы кезінде залға белгісіз ер адам кіріп, боксшыны жекпе-жекке шақырған. Майк одан мазаламауын сұрап, кетуін талап еткен. Десе де, ешкімге бағынбаған ол мылтығымен оқ атпақ болған. Алайда, жағдайдың ушығуына жол берілген жоқ. Шу шығарған азамат боксшыдан кешірім сұрап, жөніне кеткен.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Амина, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр