Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Мектеп жасындағы ұлдардың 10%, қыздардың 6% темекі шегеді

AstanaTV
05.04.2022ж. 20:00
1845
Мектеп жасындағы ұлдардың 10%, қыздардың 6% темекі шегеді

Қазақстан алкогольді тұтыну бойынша әлемде 10-орында тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ащы суды тұтынудың салдары, орын толмас қайғылы жағдайға әкеп соғуда, дейді. Мәселен: жол-көлік оқиғалары, зорлық-зомбылықтан болған өлім, улану, суға бату жағдайлары. Спирттік ішімдікке тәуелділердің басым бөлігі - ер азаматтар көрінеді.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Осы зерттеулер бойынша ер адамдар үшін алкогольді тұтыну деңгейі жылына 25 литрді, әйелдер үшін – шамамен 9 литрді құрайды. Өкінішке орай, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан алкогольдік ішімдіктерді тұтыну деңгейі жоғары елдерге жатады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу деректеріне сенсек, елде темекі шегуді бастаудың орташа жасы -17 мен 18 жас аралығы. Статистика бойынша 15 жастан асқандардың    21,5 пайызы шылым шегеді. Оның ішінде ерлердің үлесі- 38, әйелдердікі- 6,4 пайыз. Оқушылардың ішінде де темекіге тәуелділік артып барады. Ажар Ғинияттың сөзінше,  мектеп жасындағы ұлдардың– 10%, қыздардың 6% шылым шегеді. Министр бұл  кемшіліктерді реттеу үшін жан-жақты жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді. Осы мақсатта ақпараттық-насихаттық топтар мен өңірлердегі жастар орталығы белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, дейді. Салауатты  өмір салтын насихаттауға Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығына ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 147 миллион теңге бөлінген.

А. Данияр