$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада ақылы босану қызметінің құны – 450 мың теңге

AstanaTV
06.04.2022ж. 20:00
2632
Елордада ақылы босану қызметінің құны – 450 мың теңге

Елімізде соңғы 5 жылда бала туу көрсеткіші 7,2 процентке өскен. Бірақ, ана мен бала өлімі азаймай тұр. Бұған перзентханаларда жасалған жағдай қалай әсер етеді? Бүгінде мемлекеттік медициналық мекемелер де ақылы босандыру қызметін ұсынады. Орташа құны – 250 мың теңге. Сонда тегін босануға барғандар қараусыз қалып қоймай ма? Әріптесім Айсәуле Съезбек ізденіп көрді.

Былтыр ана өлімі күрт өскен. Бұған басты себеп – коронавирус инфекциясы дейді мамандар. Ал сәби өлімінің динамикасы соңғы 5 жылда тұрақсыз болып отыр. Оң өзгеріс әлі байқалмайды. Сәби сүйем деп барып, ажал құшу факторларының артуы болашақ аналарды алаңдатуда. Сондықтан көпшілік ақылы негізде қауіпсіз босануды жөн көреді.  

БЛИЦ:

- Бесплатныйда дәрігерлер шаршайды ғой енді көп әйел босанғаннан кейін. Ол жерде санитаркалар болсын бәрі кішкене қатты дұрыс қарамайда да енді шаршап тұрады, ашуланып тұрады. Сол кезде бірінші рет босанған тіпті қиналдым. Платныйда жағдай жасалған ғой енді конечно.

- Адамның өз еркі қайда босанса да. Мына қызымды материнства и детствада босандым платныйда. Ал былай қарасаң кейде условия болмай қалады да басқа  жерлерде.

- Менің немерем 4-ші баласын міне ақылы босанып жатыр. Алдында тегін де босанған. Бірақ айырмашылық жер мен көктей. Сондықтан ол ақылы негізде болсануды таңдайды.


Ал денсаулық сақтау министрілігінің өкілдері ақылы босану қызметінің заңға қайшылығы жоқ дейді. Бұл - әркімнің өз таңдауы. Ақысын төлегендер  джакузиде босанып, заманауи жиһаздалған палатаға оңалғанша жатады. Туыстары да емін-еркін кіріп-шыға алады. Әйтпесе, қалғанының бәрі бірдей көрінеді.

Шырынкүл НАСЫРОВА, "АКУШЕРЛІК, ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕРИНАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ САРАПШЫСЫ:

Қазір елімізде барлық перинаталдық орталықтар және перзентханалардың жағдайлары бірдей жасалған. Ақылы бөлімде де, былай тегін сақтандыру жүйесінде келген әйелдердің бәріне бірдей жағдай жасалынған. Денсаулық сақтау министрлігінің протоколына сәйкес барлық жерде бұларға бірдей медициналық көмек көрсетіледі.  


Қош, енді бағасына тоқталайық. Елордада ақылы босанудың орташа құны қазір  - 250 мың теңгеден басталады. Табиғи жолмен босану 92 мыңнан 250 мың теңге аралығында. Кесарь тілігімен босанатындар одан екі есе көп төлейді. Шекті баға – 450 мың теңгеге жуықтайды. Егер акушер-гинекологты алдын-ала таңдаймын десеңіз, үстіне тағы 100-200 мың теңге қосасыз.

Перзентханамен мұндай келісім жүктіліктің 35-ші аптасында жасалады. Дәрігерлер медициналық сақтандыру шеңберінде тегін босандыруға да дайын. Айтуларынша, бәріне бірдей қарайды. Таңдау еркі өзіңізде.

А. Съезбек