Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Сирияға аттанбақ болған 12 ақтөбелікке қатысты іс сотқа жолданды

AstanaTV
29.06.2016ж. 20:00
901
Сирияға аттанбақ болған 12 ақтөбелікке қатысты іс сотқа жолданды

Сирияға аттанбақ болған 12 ақтөбеліктің ісі сотқа жолданды. Олар сол елдегі террористерге қосылуға ниетті болған. Мемлекеттік шекараны жалған құжаттармен кесіп өтуге оқталған деп айыпталуда. Бұл туралы облыстық соттың өкілдері хабарлады.

Ғаламтор арқылы шетелдегі ДАИШ содырларымен байланыс орнатқан олар заңсыз әрекетті жүзеге асыру бойынша ақыл-кеңес алып келген. 12 күдікті  ақпан айында қолға түсті. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің «Террористiк топтың әрекетіне немесе ол жасап жатқан терроризм актiлерiне қатысуға оқталу» бабы бойынша іс қозғалған.