Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Павлодар әуежайында ұсталған қос АҚШ азаматына айыппұл салынды

AstanaTV
29.06.2016ж. 20:00
1345
Павлодар әуежайында ұсталған қос АҚШ  азаматына айыппұл салынды

Павлодар әуежайында ұсталған қос американдық азаматқа айыппұл салынды. Олар 15 күн ішінде Қазақстан аумағынан шығып кетуі керек.

Айта кетейік, шекара қызметінің өкілдері құжаттарды тіркеу кезінде заңсыз мигранттарды анықтаған. Желілік полиция бөлімінің ақпаратынша, 82 жастағы әйел мен оның 43 жастағы ұлы бұрын Қазақстанда тұрған. Бірақ 2014 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, сол елдің азаматтығын алады. Анықталғандай, олар мамырдың 27-сі күні Қазақстан төлқұжатымен Павлодарда тұратын туыстарына келген.

Архат Көленов, Павлодар облыстық ІІД желілік полиция бөлімінің басшысы:

Оларға айыппұл 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салынды. Олар айыппұлды төлеп, ҚР төлқұжаттарын көші-қон полициясына тапсырды. Оларға 15 күн көлемінде виза ашылып, Қазақстан аумағынан шығуға мүмкіндік берілді. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ