Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркістан облысында жолаушылар мінген шағын автобус жол апатына түсті

AstanaTV
18.04.2022ж. 20:00
1472
Түркістан облысында жолаушылар мінген шағын автобус жол апатына түсті

Алматыдан Түркістанды бетке алған «TOYOTA ALPARD» автокөлігі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолында жол апатына түсті.  Жеті адамдық көліктің жүргізушісі Сайрам ауданының тұсына келгенде    алдында кетіп бара жатқан «HOWO» маркалы жүк көлігіне барып соғылған. Жолаушылардың бірі жедел жәрдем көлігінің ішінде жан тапсырған, тағы бесеуі аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша,  екі адам  жансақтау бөліміне жатқызылған. Біреуі алғашқы медициналық көмектен соң үйіне жіберілген. Ал көлік жүргізушісі жеңіл жарақаттанған, тек қатты есеңгіреп қалған көрінеді.   Жол апатының себебін  қазір полиция анықтап жатыр.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Сайрам АПБ полицейлерімен аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеуге алынды. Автокөліктер айыптұраққа қойылды.  Бүгінде оқиғаның толық мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде.

А. Төребекқызы