Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Ақтөбеде автобус жүргізушісі жолынан ауып кетіп, екі дүкенге соғылды

AstanaTV
18.04.2022ж. 20:00
1069
Ақтөбеде автобус жүргізушісі жолынан ауып кетіп, екі дүкенге соғылды

Ақтөбеде дүкенге кеп соғылған атвобус  жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, көлікті өз қаржысына жөндетеді.  Ал, дүкендердің шығынын сақтандыру компаниясы өтейді.  “Автопарк” мекемесінің директоры осылай деді. Бүгін таңертең рейске шыққан №7 автобустың жүргізушісі жолдан шығып кетіп,   жақын жердегі дүкендерге барып соққан.  Автобуста жүргізушіден басқа ешкім болмапты.  Полицияға берген түсініктемесінде  көліктің тежегіші істемей қалғанын айтқан. Автобус айып тұрағына қойылды. Ал, мобильді телефон және  балалар киімін сататын екі дүкеннің бірінің қасбеті бүлінген, екіншісінің терезесі сынған.. Жол-көлік апатының мән-жайын қазір полиция анықтап жатыр. Бұзылған автобус пен дүкендерге келген шығын көлемі әзір есептелмеген.

Г. Сейтенова