26 сәуірінде «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтеді. Саяси ұйымның Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев шешім қабылдады. Жиынға барлық өңірден делегаттар қатысады деп жоспарлануда. Съезд онлайн форматта өтеді. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында орталық аппарат филиалдармен бірлесіп, дайындық іс-шараларын бастағанын жазды. Сондай-ақ съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT»-қа қосылу мәселе қаралады.
А. Данияр