Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елордада аутизмі бар балалар үшін тегін спорт мектебі ашылды

AstanaTV
21.04.2022ж. 20:00
1094
Елордада аутизмі бар балалар үшін тегін спорт мектебі ашылды

Елордада аутизмі бар балалар үшін тегін спорт мектебі ашылды. «Orda autism»  орталығы 260 балаға лайықталған. Онда  үстел теннисі, таэквондо, хореография, шахмат, футбол секциялары жүргізіледі. Жоба «ArtSport»  мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылған.   Идея авторы - ерекше балалардың ата-аналары. Олар осыдан 6 жыл бұрын қоғамдық бірлестік құрған.  Айтуларынша, мұндай орталыққа қол жеткізу үшін талай табалдырықты тоздырған.  

Гүлжазира БЕКІШОВА, АТА-АНА:

Сау адамдардың өзіне спорттың қандай маңызды екенін білесіздер. Ал осындай диагнозы бар балаларға ол еселеп пайдасы көп. Ақысыз орталық ашылады деген, көру деген бізге арман болатын. Бұндай балалармен қалай жұмыс істеу керек екенін білмейтін мамандардың өзі. Енді бірте-бірте мінекей мемлекет бізге бет бұрып жатқан жайы бар.   

А. Съезбек