Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстандық ғалым ерекше бағдарлама ойлап тапты

AstanaTV
21.04.2022ж. 20:00
1904
Қазақстандық ғалым ерекше бағдарлама ойлап тапты

Қазақстандық ғалым ерекше бағдарлама ойлап тапты. Өркен Мамырбаевтың еңбегінің өзгешелігі- жүйе қазақша дауыстық хабарламаны мәтінге айналдыра алады.  

Аталған жоба Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы негізінде жасалған. Сөйлеу -тану кешені бағдарламасының онлайн және оффлайн түрі бар. Телебот пайдаланушының дауыстық хабарламасын мәтінге ауыстырып береді. Жүйенің тиімділігі -80 пайыз. Ғалымның айтуынша, жыл соңына дейін қосымшаны дамытып, көп адам қатысатын жиындарда да пайдалануға болатындай етпек.

Өркен МАМЫРБАЕВ, ҒАЛЫМ:

Сөйлеу тану процесі ортасында осыған эксперт мәтін құрап шығады, мәтінге дыбысты қайтадан сөйлеуге аударады да сондай жүйені біріктіріп жасап шықсақ, онда интеллектуалды жүйеміз автоматты "Сири", "Алиса" сияқты жауап беріп тұрады. Болашақта мен қазақша сөйлеп отырсам сізге ағылшынша аудармасын дауыстап шығарып отыратын жүйе жасауға мүмкіндік береді.

А. Данияр