Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Жол құрылысын кешіктіргендер жазаланады

AstanaTV
22.04.2022ж. 20:00
1282
Жол құрылысын кешіктіргендер жазаланады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысындағы жол құрылысын кешіктіргендерді жазалауды тапсырды. Президент өңірдің шалғай аудандарына салынып жатқан жолды аяқтауды үш жыл бұрын міндеттеген болатын.  Бірақ жыр болған жол әлі салынып біткен жоқ. Президент сынынан кейін Оралға келген премьер-министр Әлихан Смайылов та бұл мәселені бақылауға алатынын жеткізді.

Облыс орталығынан 500 шақырымдағы  Жәнібек пен Бөкей ордасы аудандарына баратын жолдың  сиқы осы. Қыста қар басса, көктем мен күзде жұрт ми батпаққа батамды. Ал жазда көк шаңнан көз ашу мүмкін емес, дейді  тұрғындар.

Азат РАШИДОВ, ШАРУА:

Қарапайым халық таблетка УАЗ-бен жүреді. Джиппен барғанымның өзінде де жеңілдік береді деп айта алмаймын. Өйткені жарты күн уақытымыз сол жолда тұрып қалған машиналарды шығарумен өтеді шыны керек.


Өңірдің ең шалғай үш ауданына апаратын жолды салып бітіруді Президент үш жыл бұрын тапсырса да, жыр болған жол әлі бітер емес. Жергілікті әкімдік тапсырыс берушіні кінәласа, олар мердігерге сілтейді. Әуелі пандемия, кейін қаржының аздығын сылтауратқандардың кесірінен бөлінген миллиардтар желге ұшты. Асфальт жол да жоқ, жауаптылар да жоқ.

Мейірхат ҚАСЫМБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» АҚ» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:


Көктемнен бастап, сол бағаның мәселесін қайтадан қарастырдық. Ақтөбеден шығатын тас темір жолмен Ресейдің территориясы арқылы өтеді. Сол мәселелерді қазір шештік. Вагон мәселесі ақырындап қозғалды. "Темір жол жөндеу" деген компаниясы сәл нашар жұмыс істеп, сол компанияны алып тастадық. Оның орнына басқа компаниялар қазір қатысып жатыр. Алдағы екі аптаның ішінде электрондық тендер болады ғой, сонда белгілі болады.

Президент сынынан кейін жанталасқан жауаптылар биыл жұмысқа жан бітіреміз деп сендіруде.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Күре жолдардың жағдайы – Батыс Қазақстан облысындағы ең күрделі мәселелердің бірі. Биыл енді бұл жұмыстарды біз негізінен орындауымыз керек. Үш жыл бұрын басталған жобалар қаржыландыру мәселесінен бітпей қалды. Сондықтан биыл 15 млрд теңге қаралған. Бірақ техникалық мүмкіндік бар болса, жұмысты тездету керек. Қосымша қаражатты біз табамыз.


Тапсырыс беруші "Қазавтожол" компаниясы өкілдерінің айтуынша, биыл жолдың 100 шақырымы жөнделеді. ал келер жылы толық  пайдалануға беріледі. Бірақ уәде сөз күйінде қалса, бұл жолы кінәлілер жауапқа тартылады. Бұл - Президент тапсырмасы!

Е. Карин