Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматының қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған тағы екі адам ұсталды

AstanaTV
25.04.2022ж. 20:00
1131
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматының қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған тағы екі адам ұсталды

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматының қару-жарақ дүкенін тонаған деген күдікпен екі адам ұсталды. Күдіктілердің бірі Алмалы ауданында қолға түсті. Тергеу кезінде одан 22 калибрлі «Саваж» бұрандалы карабині анықталды. 32 жастағы ер адам 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтығын да қолды еткен. Тәркіленген заттарды қала сыртындағы үйінде  жасырыпты. Полицейлер дәл осындай қылмысқа барды деген күдікпен тағы бір күдіктіні ұстады.  Ол аңшы мылтығын дүрлелең кезінде иемденген. Құзырлылардың дерегінше күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олар тәркіленген қару-жарақты қаладағы «Қорған» дүкенінен алғандарын айтқан. Жалпы тәртіпсіздік салдарынан бір ғана дүкеннің шығын көлемі 3 млрд-тан теңгеден асқан.

Сергей КАТНОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ҚОРАМСАҚ» ҚАРУ-ЖАРАҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Қаскөйлердің қолына түскен қару-жарақтары көбіне оқсыз болды. Винтовка және жартылай автоматтарды бөлшексіз алған. Сорақысы дүкенді тас-талқан еткен. Мына әйнектерден дым жоқ. Қазір мемлекет келтіріліген шығынды өтеп берді. Әйтсе де сөрелердің біразы бос тұр.

Ә. Лесбек