Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шындықты айтып жұмыссыз қалды

AstanaTV
29.04.2022ж. 20:00
975
Шындықты айтып жұмыссыз қалды

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының тиімділігін түрлі дейгейдегі басшылар теріске шығарып келеді. Өндіріс орнындағы олқылықты айтып, жұмыс берушінің қыспағына қалған Асқар Айдарбеков осылай дейді. Түркістан облысының тұрғыны өзі жұмыс істеген мекемедегі жағдайға басшылық бей-жай қарағасын, мән-жайды Энергетика министрлігінің назарына жеткізбек болған. Алайда азаматтың алдын ораған атқамінерлер мәселені шешетіндерін айтып, сұрағын қоймауды өтінеді. Тіпті қабылдауға мекеме қызметкерін қатар кіргізіп, әр айтқан сөзін диктофонға жаздырып алған. Басшыларының сөзіне сенген ол кәсіпорындағы жағдайды жарияламаған. Алайда жұмыс беруші артынша оны жұмыстан шығуға мәжбүрлеген. Жұмысшылардың жанайқайын жоғарыға жеткіземін деп жүріп, жұмыссыз қалдым деген ол енді соңына дейін баруға бекінген.

Асқар АЙДАРБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

10 жылдан бері матрас ауыспаған вахтовый городокта и қалған станцияларда. Матрастың состояниесін мен өзім көрдім нөмірлердегі. Темірлері шығып кеткен. Отырып қалған. Басшының атынан жоғары шыққаным үшін Энергетика министрі Ақшолақовқа генеральный директор Алматыға шақырып отдел кадр екеуі өз еркіммен заявление жазып жұмыстан шығуымды сұранды. 18 мамыр күні министрге приемға қайтып жазылдым.   

Негізсіз жұмыстан шығарылдым деген Асқар  Айдарбеков, «AMANAT» партиясына да арызын айтқан.

Әлия САДЫРБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:


Ол аталған мекемеде қайта жұмыс істегісі келмейді. Оның қалайтыны тек әділдікке қол жеткізу. Аудиторлық тексеріс жүргізуді сұрайды. Біз азаматтың өтінішін алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жолдаймыз. Шындықты анықтаймыз. Тұрғындар бізге мәселе іздеп келмейді, мәселесінің шешімін, сұрағының жауабын іздеп келеді.

Партиялықтар мәселені министрлік деңгейіне жеткізбей шешеміз деп тұрғындарды алдаусыратып, артынан жабулы қазан жабулы күйінде қалатын жағдайлар барын жасырмайды. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында 40 мыңнан аса адам ққоғамдық қабылдауға жазылған. Мәселенің тек 50 пайыздан астамы өз шешімін табатын көрінеді.

Ә. Бердібеков