Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарда жеке сот орындаушылар кепілдегі 40 үйдің бір адамға сатылғанын жоққа шығарды

AstanaTV
19.05.2022ж. 20:00
980
Павлодарда жеке сот орындаушылар кепілдегі 40 үйдің бір адамға сатылғанын жоққа шығарды

Павлодарда жеке сот орындаушылар кепілдегі 40 үйдің бір адамға сатылғанын жоққа шығарды. Естеріңізге салайық, өткен аптада бір топ тұрғын баспаналарын жеке сот орындаушылар бір ғана адамға 5 есе арзан бағамен сатты деп, арнамызға шағымданған болатын.    Осыдан кейін қоғамдық резонанс тудырған мәселеге қатысты өңірлік палата өкілдері  де  пікір білдірді. Алайда сот орындаушылдардың айтуынша,   бұл   шындыққа жанаспайды. Себебі, кепілдегі үйлер сот шешімімен аукцион арқылы сатылған. Және бір адамның екі немесе одан да көп рет электронды бәс саудаға қатысуға құқығы бар екенін және 40 үйдің бір адамға сатылмағанын айтты. Ал электронды сатылым өтетін кезде жеке сот орындаушылар мүлік иесіне ескерту жасап, қарызды жабуға мүмкіндік бергендерін жеткізді. Алайда, тұрғындар бұл мүмкіндікті пайдаланбаған дейді. Ал үйлердің арзан бағада сатылғаны сол кездегі нарық құнымен өлшенген көрінеді.

Асланбек ЦЕЧОЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Пәтерлерге бағаны сот орындаушы емес, судья қойды. Бұл пәтерлер осыдан 6-7 жыл бұрын сатылған. Ол кезде пәтер бағасы да басқа болды. Ал коттедж осыдан 11 жыл бұрын сауда қойылған. Баға сол жылдың нарық құнымен бекітілген. Барлық іс Жоғарғы сотқа дейін жетіп, сот орындаушылары тарапынан кемшілік кетпегені дәлелденген.

Ө. Қуанар