Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қызылордада оқу орталығынан шу шықты

AstanaTV
19.05.2022ж. 20:00
1802
Қызылордада оқу орталығынан шу шықты

Қызылорда да басы дауға қалған жеке оқу орталығында жағдай ушықты. Мектепалды даярлық тобына баратын балалардың ата-аналары мекеменің жабылуы талап етуде. Өйткені айына әр бала 20 мың теңге төлеп отырған орталықта бүлдіршіндерге еш жағдай жоқ. Тойып тамақ жемейді, ал ұйықтағанда еденде жатады деп шулады. Мұны осы уақытқа дейін білмей келгендерін айтып ашынды. Ал, кәсіпкердің өз уәжі бар. Тараптарды тындағын әріптесім Мөлдір Тоқтасынның репортажы.

Бұл видеоны ата-аналар ұялы телефондарына түсіріп алған. Айтуларынша, олар ішке кіргенде балалары жұқа жамылғының үстінде, кейбірі лас еденде ұйықтап жатыпты. «Ал келісімшарт негізінде ол уақытта балалар арнайы үйірмелерге қатысуы керек болған» дейді.

Жадыра МЕРДЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Санитарлық талаптарға сай емес тамақ ішетін орындары. Газ баллонмен жұмыс істеу деген бала жүрген жерде өте қауіпті. Санитарлық тораптарында мұздай су ағады екен. Жылы су жоқ балада. Жағдайы мүлде кеткен баламыздың. Баладан сұрасақ қорқытқан. Осы кезге дейін айтпаған. Мына мекеменің жабылуын талап етемін. Келесі жолы біз сияқты қателікпен ата-ана әкелмеуін сұраймын.

Ата-аналар осы уақытқа дейін ғимараттың ішіне кіре алмапты. Айтуларынша, санитарлық талаптарды алға тартқан оқу орталығының басшылығы есіктен әрі аттатпаған көрінеді. Ал 17 мамыр күні жұмыстан кетіп жатқан тәрбиеші жағдайы ата-аналарға жеткізіпті.  Маңдайтер ақымды уақытылы ала алмадым деген ол білім ордасының сырты бүтін, іші түтін деп отыр.

Аида МЫРЗАҒҰЛОВА, ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БҰРЫҢҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Мен баланың өмірін қорғағым келді. Себебі бала аш 11 сағат аш.  Газды қиып кеткен бір, жарықты қиып кеткен екі, септиіктің боғы сыртына ағып жатты, сарайда тамақ істелініп жатты кеше мен түсіріп алғанымда. Сарайға барып істейді тамақты. Сосын бір қазан рошкиді алып келеді да төбемізден төніп тұрады. Балалар апай тағы беріңізші қарнымыз ашты деп нан сұрайды да жүреді.


Ал оқу орталығының басшылығы мұның барлығын жоққа шығарды. «Мені қаралау мақсатында әдейі ұйымдастырылған» деп отыр. Сондықтан жалған ақпаратпен күресті заң шеңберінде жүргізбекші.

Айнұр СҮНДЕТОВА, ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Арыз жазылды. Коллективно прокуратураға жазылды. Өзім облыстық СЭСке өтініш жаздым. Тексеріп бізге қорытынды берсін деп. Облыс прокуроры мені шақырды. Кәсіпкер ретінде маған көп қысым көрсетіліп жатқанын айтты. Және ол да көмектесетінін бұл жерде көп шикілік бар екенін, қолдан жасалғанын түсініп. Бұл істі міндетті түрде нүктені біз қоямыз.

Келеңсіздік әлеуметтік желіде тарап кеткен. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мониторингтік топ өкілдері орталыққа тексеру жүргізіпті. Оның қорытындысы негізінде құзырлы орындарға ұсыныстар жолданбақшы.

Айгүл МЫРЗАҒАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Жалпы оқу орталығы дегендер лецензияланбайды. Олар белгілі бір уақытта ғана балаларға қосымша білім беру ретінде жұмыс жүргізу керек. Бұл кісілерде мектепке дейінгі жастағы балалар азаннан кешке дейін білім алады деген мәлімет алып отырмыз. Сол бағытта зерделеу жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Қоғамда үлкен наразылық тудырған бұл мәселеге қатысты құқық қорғау органдары әлі тексеру жұмыстарын бастамаған. Бұған кәсікерлік нысандарды тексеруге жарияланған мораторий қолбайлау болып отырған көрінеді. Ата-аналар, тәрбиеші мен басшылық тарап болса , бірінің үстінен бірі арыз түсіріп жатыр. Тек тұтанған даудың жалыны балаларды шарпып өтпесе игі.

М. Тоқтасынқызы