Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / «Референдум- өз өмірімізді өзіміз жасауға дауыс беру»,- Д.Нұржігіт

«Референдум- өз өмірімізді өзіміз жасауға дауыс беру»,- Д.Нұржігіт

Қазір халықтың әлеуметтік желі арқылы  Президентке үндеу жасап, жеке мәселесіне назар аударуын сұрауы қалыпты жағдайға айналды. Әсіресе, құқығы тапталып,  әділдік іздеп жүргендер көп. Егер енді  конституциялық кеңес құрылса, кез- келген қазақстандық даулы проблемасын осы институтқа жүктей алады. Яғни, сот жүйесіндегі әділетсіздіктің алдын алуға мүмкіндік тумақ. Сенат депутаты Дана Нұржігіт "АМАNAT" партиясы жастар қанаты ұйымдастырған "Бір толқында" диалогтық алаңында осылай деді. Оның пікірінше, бұл – әділетті Қазақстан құрудың  алғышарты.

Дана НҰРЖІГІТ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Әділетті Қазақстанға апаратын бірінші жол – адам құқығы тапталмауы. Адам құқығы тапталмаған жерде, адам құқығымен санасатын жерде ғана өркениетті қоғам құрылады. Референдум дегеніміз өз өмірімізді өзіміз жасауға дауыс беру. Басқа Қазақстанды ешкім бізге сырттан келіп жасап бермейді. Бәрін өзіміздің еркімізбен шешіп, ортақ талқылаулардан өткеннен кейін ғана барып, өз мемлекетімізді өзіміз құру деген сөз.

А. Съезбек