Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Ауыл халқының табысы артады

Ауыл халқының табысы артады

2025 жылға дейін ауыл халқының табысын бірнеше есе арттыруға болады. Ол «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жүзеге аспақ. Бүгін  «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев жаңа жобаны таныстырды. Оның сөзінше, елімізде елдімекендерді дамытуға арналған жоба көп, алайда ауылдағы ағайынның    табысын көтеретін нақты бағдарлама болмаған.  Қазір жаңа жобаны іске асырудың әдістемесі де дайын деді.  Алдағы 1-2 айда барлық  елдімекендерге скрининг жүргізіледі.  7 миллионнан астам тұрғын немесе 2400 ауылдық округ қамтылады.   Одан кейін экономикалық бағдарламаны іске асыру алгоритмі жасалып, әрбір отбасының табысы қанша пайызға көтерілетіні есептеледі. Көзделген мақсаттардың орындалуын партия жанынан құрылған жобалық кеңсе бақылайды.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Мемлекеттік бағдарламалар көп қой. Соның ішінде нақты ауылға көмек беретін бірінші бағдарлама десем қателеспеспін. Сондықтан менің ойымша бұл бағдарламаның болашағы зор. Бірақ өзінің керек екенін халыққа көрсетіп жатса, менің ойымша 25-жылға дейін емес оны әрі қарай да жалғастыруға болады.


Бұл жобаның негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Бұл бағытта даярланған жаңа әдістеме арқылы ауыл әкімдері оқытылып, бағдарламаны іс жүзінде орындау оларға тікелей жүктеледі.

Нұрлыбек МҰҚАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕНІҢ БАСШЫСЫ:

Егерде ол әкімдер белгіленген тапсырманы халықтың табысын көтеру мәселесін жеткілікті түрде орындамаса партия тарапынан партиядан шығаруға кез-келген партияның құқы бар. Егер партия қатарынан шықса ол әкімдік мансаптан да айырылады.  
    
Ә. Бердібеков