Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Әлемнің ең қымбат футбол клубы анықталды

AstanaTV
19.05.2022ж. 20:00
1071
Әлемнің ең қымбат футбол клубы анықталды

Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, бүгін қандай қызықты ақпараттармен бөлісесің?

Армысыз, көрермен! Кеш жарық, Амина! Әлемнің ең қымбат футбол клубы анықталды. Рейтинг Forbes журналының кезекті санында жарияланды. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы минуттарда.

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласына ұшып барды. Отандасымыз 21 мамыр күні британиялық Дэнни Дигнуммен WBO тұжырымы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет былтыр қараша айында француз боксшысымен кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Отандасымыз бүгінге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, әлі жеңіліп көрмеген. Ал Дигнум,  кәсіпқой бокстағы мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңісіке жеткен, бір кездесуі тең нәтижемен аяқталған.

Бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің финалына тек бір ғана боксшымыз жолдама алды. Ол - 48 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова. Бүгін шешуші сында ол түрік қызымен жұдырықтасады. Кездесу елорда уақытымен 20:55-те басталады. Алуа Балқыбекова бұған дейін Азия чемпионатында топ жарған еді. Енді әлем чемпионатының да биігін бағындырсам  деген мақсаты бар.

Әлемнің ең қымбат футбол клубы анықталды. Рейтинг Forbes журналының кезекті санында жарияланды. Көш басында «Барселона». Каталониялық клубтың жалпы құны 4,76 миллиард долларға бағаланды. Екінші орында "Реал" командасы тұр. Бағасы - 4,7 миллиард доллар. Үздік үштікті 4,21 миллиард долламен мюнхэндік "Бавария" түйіндеп тұр.  Алғашқы ондықта алты бірдей ағылшындық команда жайғасқан. Ал "Манчестер Сити" мен ПСЖ тізімдегі үздік бестікке енбей қалған.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Амина, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр