Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Сайлау кезінде қиындықтар туындайтын",- Л. Қалтаева

AstanaTV
19.05.2022ж. 20:00
1090
"Сайлау кезінде қиындықтар туындайтын",- Л. Қалтаева

Референдумға мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысып, өз таңдауын жасағысы келеді.  Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның айтуынша,  осыған дейінгі сайлауларда   қиындықтар болған. Тағы да сондай болмас үшін, қазірден бастап мәселелерге назар аударған дұрыс дейді ол.  Қоғамдық бірлестік өкілдеріне арналған семинарда учаскелерді дайындау,  мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасау  үшін қосымша шаралар әзірлеу туралы айтылды.

Ләззат ҚАЛТАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұған дейін мүгедектердің мәселесін сайлау кезінде де көтергенбіз. Бұрын -соңды сайлау кезінде үнемі қиындықтар туындайтын. Мысалыға, кейбір аймақтарда инватакси, жексенбі күні істей бермейтін. Көзі зағип адамдар бюлеттеньді де көрмейтін. Сондықтан осы болатын референдумға қатысатын әрбір мүмкіндігі шектеулі жан қиындықсыз өтсе екен дейміз.

Ә. Дүкембаева