Қолөнер-төл өнер. Қостанайда шебер шәкірттер байқауы өтті. Балалар жылына арналған игі шараға аймақтың 60-қа жуық оқушысы қатысты. Көрме-байқауға 100-ден астам жұмыс ұсынылған. Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алды.
Айша Әбілғазы «Жас Дарын» байқауына 3 жылдан бері тұрақты қатысады. Аудандық кезеңнен алға шыққан оқушы бұл жолы ұлттық нақышта жасалған бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Айша ӘБІЛҒАЗЫ, ОҚУШЫ:
Біз негізінен Амангелді ауданынан 8 жұмыс әкелдік осы байқауға.Көптеген жұмыстарды көріп жатырмыз. Барлығы өте керемет. Осындай облыстық байқауларды яғни балалардың талантын ашатын байқаулардың көп болғанына мен өте қуаныштымын.
Сайысқа 104 жұмыс ұсынылған. Оның көбі- сәндік-қолданбалы өнер және көркем-эстетикалық бағыттағы үйірмеге қатысатын балалардың туындылары. Талантты шәкірттер ұлттық ою-өрнекті қолдана отырып бұйымдарды тоқыма, ағаш,темір, сүйек, тері,саз, сабан қағаздан жасаған.
Александр ЗАХАРЧЕНКОВ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Жас қолөнершілердің шығармашылық процеске қасаң тұрғыда тұрғыда емес, креативті көзқараспен жол салып жатқаны байқалады.Енді бұл байқауға қатысқан оқушылардың бәрі болашақта суретші болмауы мүмкін. Бірақ рухани кемелді, кәсіби мамандар қалыптасары қақ.
Елена ПЕТРЕНКО, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Былтыр Бейімбет Майлин, Жітіқара, Қостанай ауданы оқушылары республикалық кезеңде жеңімпаз атанды. Биыл да мықтылар қатарынан көрінеміз деп ойлаймыз. Өйткені байқаудың 7 аталымына тағы біреу қостық. Компьютерлік дизайн. Сөйтіп сегіз бағыт бойынша жұмыстар ұсынылып отыр.
Байқау барысында жетекші мамандар арнайы шеберлік сағаттарын өткізді. Білім басқармасы мен өңірлік орталық ұйытқы болған игі шараның қорытындысы бойынша 8 жас қолөнершінің жұмысы республикалық кезеңге жолдама алды.
З. Санай