$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Конституциялық сот болғаны жақсы",-тұрғын

AstanaTV
20.05.2022ж. 20:00
1776
"Конституциялық сот болғаны жақсы",-тұрғын

Конституцияға енгізілетін әрбір өзгеріс халықтың игілігіне бағытталған. Референдумнан кейін елімізде ауқымды жаңару болатыны анық. Сондықтан   әр тұрғын өз таңдауын жасап,  болашақтың  жарқын болуына үлес қосуы керек.   5-маусымда өтетін саяси маңызды науқанға біркісідей атсалысып, Жаңа Қазақстанды құруға атсалысамыз дейді көпшілік.
 
 БЛИЦ:
   
- Барам ол референдумға қатысам, өз дауысымды. Тілегімді айтам.Қандай өзгерістер керек екенін.Халыққа әлеуметтік жағдайды  жақсартса.

- Жастардың барлығы коррупцияға жақын болып кетті.Соны жоқ қылса деймін.Сол өзгеріс. Елімізді құртатын коррупция деп ойлаймын.

- Конституциялық сот болады дейді. Бәрі халықтың қамы. Конституциялық сот болғаны жақсы, әділ қарасын, әділ қараса біздің елді бәрі сыйлайды, бәрі таниды.  

 
- Маған ұнағаны мемлекет басшысының ешбір саяси партияның қатарында болмауы. Президентіміздің бұл шешімі өте орынды деп есептейміз. Себебі, егер мемлекет басшысы бір партияның құрамында болса, онда басқалары президенттің көлеңкесінде қалып қояды да, ондай қатты жұмыс істемейді. Ал енді барлық партиялардың арасында саяси бәсекелестік, әділ бәсекелестік пайда болады деп есептеймін.


З. Санай