Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі аяқты құлын туды. Кемтар төлдің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Ветеринар мамандардың айтуынша бейнежазбадағы құлынның туылғанына 2-3 күн ғана болған. Алайда қожайыны төлді мал дәрігерін шақырып қаратпаған. Дегенмен мұндай кемтар төлдің туылуына экологияның нашарлығы немесе айғырдың өз қанынан туған малға шабуы себеп болуы мүмкін,- дейді. Алайда ондай жағдай мыңда бір рет қана кездеседі деп отыр.
Аян МІРЖАҚЫПОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БЕКЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Ауылдағы маман бұл құлынды көрмеген. Бұл полигонның зардабы ма, генетикалық зардап па белгісіз. Сондықтан не жағдай екенін нақты жауап айта алмаймын. Лабораторияның қорытындысы, ешқандай материал тапсырылған жоқ.
А. Қуаш