Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Елордадағы ер балаларға арналған "Білім инновация" лицейін 85 түлек бітірді

Елордадағы ер балаларға арналған "Білім инновация" лицейін 85 түлек бітірді

Елордадағы ер балаларға арналған білім инновация лицейінде де түлектердің білім ошағымен қоштасу салтанаты өтті. Білім бәйгесінде бәсі жоғары мектепті биыл 85 түлек тәмамдады. Білім ошағы республика бойынша үздік 5 мектеп қатарына енген.  Лицей  шәкірттері жыл сайын халықаралық олимпиадаларда топ жарып, мектеп мерейін үстем етіп келеді. Былтыр  61 түлек халықаралық және мемлекеттік грант иегері атанған. Мектеп ұжымы биыл да оқушылардың жоғары нәтижеге қол жеткізетініне үмітті. Қазірдің өзінде халықаралық университеттердің грантын жеңіп алғандар бар.

Эльбрус ПИРИЕВ, БІЛІМ ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

85 түлегіміздің 3- алтын белгі, 10- үздік. 30 пайызы әлемдік деңгейдегі және еліміздегі жоғарғы оқу орындарының грант иегерлері деуге болады. Қазіргі таңда. Қалған оқушыларға да сәттілік тілеймін. ҰБТ-ға қатысып, грант иегерлері атануларына тілектеспін.


Балалық шақтан болашаққа қадам басқан түлектердің ендігі мақсаты – Ұлттық біріңғай тестілеуден жақсы нәтиже көрсетіп, мектеп абыройын үстем ету. Олардың бүгін қуанышында шек жоқ. Жаңа өмірге жолдама алып, алтын ұядан қанат қақпақ.

Алдияр БАЙҰЗАҚ, МЕКТЕП ТҮЛЕГІ:

Бітірген түлектерген енді қалаған университеттеріне түсуін  тілеймін. Қалаған мамандықтарын таңдап,  сол мамандықпен болашақта жұмыс істеп өмірлік жетістіктерге жетулерін тілеймін.

Рақымжан БӘЙТЕРЕК, МЕКТЕП ТҮЛЕГІ:

Алдағы жоспарым университетке түсу Францияға. Францияда оқып, Қазақстанға қайтып білімімді жетілдіріп, қазақстанның бағытына, жетістіктеріне жұмыс істей бергім келеді.


Ә. Бердібеков