Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Жасыл» емес жобаларға қаражат тарту қиындай түседі - К.Мәсімов

AstanaTV
04.07.2016ж. 20:00
2516
«Жасыл» емес жобаларға қаражат тарту қиындай түседі - К.Мәсімов

«Жасыл» емес жобаларға қаражат тарту қиындай түседі.  ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің IV отырысында Премьер-министр Кәрім Мәсімов осылай деді. Дамыған елдер бұған баса мән беріп отыр. Әсіресе, АҚШ пен Қытай. Ал баламалы энергия өндірісі бойынша Германия мен Жапония жетекші ел. Жапония бір жыл ішінде атмосфераға шығатын көмірқышқыл газын 25 пайызға азайтқан. 

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

«Жасыл» емес жобаларды қаржыландыру қиындай түседі. Тіпті мүмкін болмайды. Дамыған G20 елдеріне, оның ішінде АҚШ пен Қытайға қарап, бұл тенденцияны байқауға болады. Бұдан бізде жырақ қалмаймыз. Жолдан шығып қалмау керек.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев төмен көмірсутекті дамудың ұлттық стратегиясын қабылдау қажеттігін айтты. Жаһандық жылынуға қарсы Париж климаттық келісімі былтыр қабылданған. Оны Қазақстаннан өзге 175 ел қолдады. Құжат 2020 жылға дейін ауаға бөлінтін парниктік газ көлемін азайтуды көздейді. Қазір Қазақстанда балаламы энергия көздері арқылы өндірілетін қуат 1 пайызға  да жетпейді. Үкімет оны 2020 жылы 3 пайызға, 2030 жылы - 30 пайызға, 2050 жылы 50 пайызға жеткізуді жоспарлайды. Оған келесі жылы өтетін «ЭСПО-2017» көрмесі де түрткі болуы мүмкін,- дейді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Менің ойымша, көмірсутексіз даму бағытында ұлттық стартегия әзірлеуіміз керек. Әрине, бұл ретте қиындық бар. Президент жарлығымен бекітілген жоспар басқашалау. Дегенмен, шешім қабылдап, стратегияны дайындау керек. Оның аясында G20 елдерінде бар тәжірибені басшылыққа алуға болады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ