Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Референдумды басқа сайлаумен шатастырмау керек", - Ә. Әбсеметова

AstanaTV
27.05.2022ж. 20:00
951
"Референдумды басқа сайлаумен шатастырмау керек", - Ә. Әбсеметова

Алматы облысының тұрғындары референдумда өз таңдауын жасауға дайын.  Ақсеңгір ауылының жұрты саяси науқаннан шет қалмаймыз деп отыр. Бүгін олармен Мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова кездесіп, референдумның мақсатын, Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы сөйлесті.   Жамбыл ауданында 76 сайлау учаскесі бар. Ал сайлаушылардың саны 100-мыңнан асады.  
 
Әлия ӘБСЕМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл -жалпыұлттық жұмыс. Бірге көтерген жүк жеңіл дегендей, барлығымыз біздің Президентімізді қолдап, бастамаларын қолдап жүзеге асырып, референдумға 5-ші маусым күні барайық. Даусымызды берейік.

Қызылжарлықтар  да  жарқын болашаққа сенеді. Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода жұмысшылармен жүздесіп, Ата заңдағы өзгерістерді талқылады.  Өндіріс орнында 500-ден астам адам еңбек етеді. Ақпараттық технологиялар әзірленетін  кәсіпорын жұмысшылары елдегі саяси өзгерістерді қолдайтынын жеткізді. Жарқын болашақ үшін реформа керек дейді. Конституцияға енгізілетін  түзетулер жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтады.  

Сайлаубек МУСИН, ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Мен өзгеріс енгізілетін 33 бапты оқып шықтым,барлығымен  келісемін. Реформаның арқасында  халықтың әл-ауқаты артады деп ойлаймын. Кейінгі ұрпақ уайымсыз өмір сүреді. Сондықтан өзгерістер біз үшін өте маңызды.  


Ә. Лесбек