Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қостанайдағы IT-лицей шәкірттері әмбебап платформа ойлап тапты

Қостанайдағы IT-лицей шәкірттері әмбебап платформа ойлап тапты

Қостанайлық оқушылар   әмбебап платформа және  баламалы қуат көзін өндіретін құрылғы ойлап тапты.  Мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп –лицейінің шәкірттері    республикалық, халықаралық  байқауларда үздік атанды. Богдан Глоба- әмбебеп платформаның авторы. Бұл құрылғының ерекшелігі барлық бағытқа бейімделе береді. Тіпті қыстың күні алдына қар күрегіш бекітіп, мектеп ауласындағы ақ ұлпаны аршуға болады. Пультпен басқарылатын құрылғы 800 метрге дейін жүйтки де алады.  

Богдан ГЛОБА, ОҚУШЫ:
 
Менің жұмысым –жалпы бағытқа негізделген әмбебеп платформа. Қазір міне ғарыштық бағытқа бейімделіп тұр.Жобаның негізгі идеясы- көптеген құрылғыларды біріктіру арқылы бір платформаға енгізу.

Ал мынау құрылғы  баламалы қуат көзін өндіреді. Құрылымы   қарапайым. Құны да қолжетімді. Оны өзен-көлдің жағасына орнатуға болады.

Жахонгир ГАППАРОВ, ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:


Арнайы ешқандай артық дүниенің қажеті жоқ. Су және де осы құрылғы болса жеткілікті. Суды өзі айналдырып отырады.Табиғи басқа көздердің ешқандай  қажеттілігі болмайды.

З. Санай