$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ұрлық отбасылық кәсіпкен айналған

AstanaTV
31.05.2022ж. 20:00
1617
Ұрлық отбасылық кәсіпкен айналған

Шымкент тұрғыны ұрлықты отбасылық кәсіп көзіне айналдырып келген. 26 жастағы сезікті қарақшылыққа өзінің туыстарын тарту арқылы  қылмыстық топ құрыпты. Әр эпизодты бөліп алғандар үй иелерінің күн тәртібіне дейін зерттеген,- дейді Түркістан облысының полицейлері. Ұрылар үйге терезе арқылы кіріп, үптеп кетіп отырған. Ұрланған заттарды ұйымдастырушының күйеу баласы көлігімен алып кетіп отырған.

Ердәулет АМАНТАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғындары 4 азамат анықталып, құрықталып,  полиция бөліміне жеткізілді. Ол азаматтың екеуі ерлі-зайыпты екені анықталды. Сонымен қатар тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында Сарыағаш, Қазығұрт,  Келес, Ордабасы аудандарында орын алған пәтер ұрлықтарының 70 дерегіне қатысы бар екені анықталып, үшеуі қамауға алынды.    

Төртінші күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы таңдалды деді полицейлер. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы бұрын осындай қылмысы үшін сотты болғаны да белгілі болды. Айта кетейік, ол бұл іске өз анасын да тартқан. Ұрланған алтын әшекейлер мен бағалы бұйымдарды анасы мен келіншегі Шымкент пен аудандардағы ломбардтарға өткізіп, түскен пайдасын өзара бөлісіп алып отырған. Полицейлердің дерегінше, қылмыстық топ бұл әрекетін 2020 жылдан бері жүзеге асырып келіпті. Осы уақыт аралығында түркістандықтарға келтірілген залалдың жалпы сомасы 100 млн теңгеден асады.

А. Төребекқызы