Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Маңғыстаулық сарбаздың өліміне күдікті деп танылған Айболат Аманжоловтың ата-анасы әділдік іздеп жүр

AstanaTV
02.06.2022ж. 20:00
2235
Маңғыстаулық сарбаздың өліміне күдікті деп танылған Айболат Аманжоловтың ата-анасы әділдік іздеп жүр

Маңғыстаулық сарбаздың өліміне күдікті деп танылған  Айболат Аманжоловтың ата-анасы  әділдік іздеп жүр. Олар Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар әскери бөлімінде жұмбақ жағдайда көз жұмған Әлібек Қалбайдың өліміне ұлымыз кінәлі емес дейді. Айболаттың отбасы мен туыстары бүгін ұлын әскерге шақырған қорғаныс департаменті ғимаратының алдына барып, баласын қайтаруды талап етті.

Айболат Аманжоловтың өзінен кейінгі алты бауыры да ата-анасымен бірге күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалған. Жала жабылып, кінәсіз қамалғаннан бері ас та батпайды,- дейді олар. Бір айдан астам уақыттан бері тілдесуге зар болған ұлын Қордайдағы тергеу абақтысынан Алматыға ауыстырып жібергенін   тамақ апарғанда бір-ақ білгендерін айтады.  

Айнұр ТӨЛЕМІСОВА, АНАСЫ:

Не адвокатқа, не бізге ескертпей, жәйлап барып алып кетіпті. Балам дәрі ішіп жатыр. «Мама, мен уже жүрегім ауырады. Мен дәрі ішкеннен кейін ұйықтап қаламын»,-  дейді. Ол қандай дәрі беріп жатыр олар деген. Баламнан бір де бір хабар жоқ. Бжұмаламның қандай жағдайда екенін де білмеймін.

Қайтыс болған сарбаздың ата-анасы да ұлын әскердегі досы өлтірді дегенге  сенбейтінін айтқан. Бірі ұлынан өлі, екіншісі тірі айырылған қос отбасы тергеу әділ өтіп, нағыз кінәлілер анықталса екен,- дейді. Бірақ Айболаттың ата-анасы   сараптама қорытындысына тергеу барысында назар аударылмай отырғанын айтады.  

Азамат ЖҰМАҒАЗИЕВ, ӘКЕСІ:

Баламның өзі айтты. Мен ұрған ештеңем жоқ. Мен қолым да тиген жоқ ол балаға деп. Үстінде баланың көгерген ештеңесі жоқ. біздің бала да тап таза. Қайтыс болған бала үйіне айтқан, досына соғып айтқан сержант контракниктер біздерді соғады деп.

Ашынған ата-ана әділдік таппай тынбаймыз дейді. Олар ұлын әскерге шақырған облыстық қорғаныс департаменті  мамандарынан  ұлын ақтап,  қайтаруды талап етіп отыр.    

Ержан ЖҰМАНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Тиісті заңнамаларға сәйкес ол жерде тергеу жүріп жатыр. Ал ол баланы мында алып келуге біз құзіретті емеспіз оған. Ол бала әскерге шақырылғанға дейін де ешқандай полиция өкілдерінде есепте тұрмаған.  Дәрігер психиатр нарколог дәрігерлерде есепте тұрмаған. Бәрі де таза ол жағынан. Ешқандай ауытқулар болмаған. Құзырлы мекемелердің сұраныстары бойынша біз құжаттарын жібердік.

Айболаттың туыстарының айтуынша, қаза тапқан сарбаз-Әлібек Қалбай 22 сәуір күні ертеңгілік сапта тұрғанда құлаған. Кейін ұлдары хабарласып, өзін ұрды деп айыптап жатқанын айтыпты. Алайда кейін сарбаздың «тамақтан улануы мүмкін» деген ақпарат тарады.  Бірі біріне қабыспайтын  мәліметтердің салдарынан ұлым жазықсыз жаза арқалай ма деп уайымдайды.

Б. Надірқызы