Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда әскери қызметкер қаза тапты

AstanaTV
13.06.2022ж. 20:00
1710
Павлодарда әскери қызметкер қаза тапты

Павлодарда әскери қызметкер қаза тапты. Қайғылы жағдай нөмірі 55-те 12 әскери бөлімінде болған. Бөлім командирінің айтуынша, жүк көлігіне жел салу кезінде дөңгелек жарылып, марқұм басынан жарақат алған. 32 жастағы марқұм аталған бөлімде келісім шарт негізінде аға сержант болып қызмет атқарыпты. Әскери қызметте жүргеніне 7 жылдан асқан. Бір қызығы, оқиға болған күні ол кезекті еңбек демалысында болған. Соған қарамастан оны жұмысқа шақыртып алған көрінеді. Айдың-күннің аманында ажал құшқан сарбаздың жақындары, болған жайттан ес жия алар емес. Марқұмның соңында бір баласы мен аяғы ауыр әйелі қалды. Қазір аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Аян СӘТБАЕВ, ПАВЛОДАР қ. №55/12 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ:

Қазіргі таңда органдармен тексеру іс-шаралары өткізілуде. Шығыс өңірлік қолбасшылығының атынан марқұмның туған туысқанына, отбасына қайғырып көңіл айтамын.

Ө. Қуанар