Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Дәрігерлер тапшылығы екі есеге өсті

AstanaTV
13.06.2022ж. 20:00
1857
Дәрігерлер тапшылығы екі есеге өсті

Елімізде ақ халаттылардың тапшылығы  соңғы бес жылда екі есеге артқан. Есеп комитетінің дерегінше, 23 мыңнан астам дәрігер қазір ауадай қажет. Жетіспеушілік салдарынан ақ халаттылардың жүктемесі де артуда. Бұл өз кезегінде жұмыс сапасының төмендеуіне әкеп соғады. Жүктемені көтере алмағандары шет ел асып кетуде. Мамандар қос дипломы бар дәрігерлерді осылай жоғалтудамыз деп дабыл қағуда.

Вячеслав ДУДНИК, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
 
Соңғы бес жылда шетелге кеткен медицина мамандарының саны 5 мыңға жеткен. Жалпы дәрігерлеріміздің арасында орта жастан асқан мамандар көп. Анықтап өтейін, қазіргі ақ халаттылардың 30 пайызы зейнет жасындағы азаматтар.

Тексеріс кезінде есеп комитеті денсаулық сақтау министрлігінің бірнеше былығын ашты. Ведомство іске қосылмайтын бағдарламаны жүзеге асыру үшін ел қазынасынан 726 млрд теңге жұмсаған. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы осылайша бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланып келген. Барлық анықталған кемшіліктерді реттеу үшін  Үкіметке қарасты мемлекеттік органдарға арнайы тапсырмалар берілді.