Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Кәрім Мәсімовке қатысты істің мән-жайы айтылды

AstanaTV
22.06.2022ж. 20:00
969
Кәрім Мәсімовке қатысты істің мән-жайы айтылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қаңтар оқиғасы кезінде Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш жұмыс орнында болғанын айтты. Бірақ олар қандай бұйрықтар бергенін айта алмаймын. Қазір тергеу егжей-тегжейлі жүргізіліп жатыр деді. Сонымен қатар,  Асқар Әмірханов аталған істе мемлекеттік құпия мәліметтер бар екенін, соттың ашық немесе жабық тәртіпте өтуін сот органдары шешетінін атап өтті. Айтуынша, тергеу амалдары аясында Самат Әбіштен те жауап алынып жатыр.

Асқар ӘМІРХАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Ол куәлік береді, оның мәртебесін білмеймін. Ол Қазақстанда. Мен оны өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу жүріп жатыр, ол осында болуы тиіс.

А. Базарбай