Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«IQanat» республикалық олимпиадасы басталды

AstanaTV
22.06.2022ж. 20:00
1374
«IQanat» республикалық олимпиадасы басталды

Еліміздің ең үздік оқушылары республикалық Олимпиадада бас қосты. Білім бәйгесіне аудандық, аймақтық кезеңдерден озық шыққан 752 оқушы жолдама алған.  Олар «Iqanat» олимпиадасының финалдық кезеңінде бақ сынауда. Үздік жүздік IQanat High School of Burabay мектебінің гранттарына ие болмақ.

Олимпиаданың ақтық кезеңіне жолдама алған озат оқушының бірі – Назира Баймағанбет. Назира бүгінгі сынға Жамбыл облысы, Шу ауданынан келген. Аудандық іріктеуден іркелмей өткен оқушы, бейімділікті анықтаудың өңірлік кезеңінде  география пәні бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізіпті.

Назира БАЙМАҒАНБЕТ, ОҚУШЫ:

Iqanatқа география пәнінен өттім. Және бүгінгі тест жақсы нәтижеде өтті деген сенімдемін. Барынша білгенімізді парақшаға жазуға, толтыруға тырыстық.  

Олимпиаданың артықшылығы ауыл-аймақтағы қабілетті оқушыларға үлкен мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар. Яғни олимпиадаға тек ауыл-аудан оқушылары ғана қатыса алады. Тағы бір ерекшелігі Олимпиада тек 8-сынып оқушылары арасында өтеді. Олардың білім деңгейі, шығармашылық және танымдық әрі зияткерлік қырлары сарапқа салынады. Үздіктері еліміздің беделді білім ордаларының бірі IQanat High School-да 10-сыныптан бастап білімін шыңдау мүмкіндігіне ие болады.

Камила БАШАРОВА, «IQANAT» ҚҚ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:


Бүгінгі тапсырып жатқандары пәндік олимпиада. Әркім өзі таңдаған 7 пәннен. Яғни өзі таңдаған 7 пән бойынша математика, физика, тіл болсын биология пәнінен. Ал ертең екінші кезең. Екінші кезеңде болатын тестіміз ол жерде қабылетті байқайтын тест. Ол жерде неше түрлі интеллект өлшенеді.  


Айта кету керек,  IQanat қоры 2017 жылдан бері ауыл мектептерінің оқушылары үшін жаңа мүмкіндікті ұсынып келеді. Осы уақыт аралығында 167 мыңнан аса бала олимпидаға қатысыпты. Ал биылғы оқу жылында қатысқан оқушылар саны 36 мыңнан асқан. Оның ішінде 8 мыңға жуығы  екінші кезеңге жолдама алып, ақтық сында - 752 баланың білімі сыналды.

Ә. Бердібеков