Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматы облысында палеолит дәуірінің көпқабатты тұрағы табылды

AstanaTV
22.06.2022ж. 20:00
1105
Алматы облысында палеолит дәуірінің көпқабатты тұрағы табылды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында палеолит дәуірінің көп қабатты тұрағы табылды. Археологиялық сенсацияны еліміздің Ұлттық музейі Германияның Тюбинген университетімен бірлесіп анықтаған. Алғаш рет табылған тарихи орыннан көптеген тас құралдары, соның ішінде нуклеустер, қырғыштар, үшкір тастар табылды. Сондай-ақ, қазба жұмыстары нәтижесінде анықталған жануарлардың сүйектері мен көмір қалдықтарын зертханалық сараптамаға жіберу жоспарлануда.

Жәкен ТАЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Халықаралық жоба аясында биыл мамыр айынан бастап Алматы облысындағы Кербұлақ және Еңбекшіқазақ аудандарында зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, алғаш рет Еңбекшіқазақ ауданында палеолит дәуірінің көп қабатты тұрағы табылды. Мәдени қабаттардан орта тас дәуірі, кейінгі палеолит және неолит дәуірлеріне жататын артефактілер анықталды.

М. Жақан