Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қарағандыда көмір қоймасы өртенді

AstanaTV
23.06.2022ж. 20:00
1245
Қарағандыда көмір қоймасы өртенді

Қарағандыда көмір қоймасы өртенді. Қойма көпқабатты үй тұрғындарына тиесілі.   

Бұл үйшіктер 80 жыл бұрын   көпқабатты үйдің қоймасы ретінде салынған. Үйде негізінен зейнеткерлер мен тұрмысы төмен отбасылар тұрады.  Енді олар төтеннен келген тілсіз жаудың кесірінен қыста жағуға жинаған отынынан бөлек,   дүние- мүліктерінен де айырылды.  Өрттің неден болғаны әзірге белгісіз. Ал қапыда барынан айрылған тұрғындар не істерін білмей отыр.  

Лидия БУЛАТКИНА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тым болмаса өртенген қойманың орнын артатын техника берсеңіздер. Біз зейнеттеміз, жағдайы жоқ отбасылар да бар. Қыс қамын ерте ойлап  ағаш, көмір отын жинаған едік, енді оны қалай сатып аламыз, қайда сақтаймыз?   

Асхат МАҚАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қарағанды қаласы Лиза Чайкина көшесі 160- ыншы үйдің алдында орналасқан алты қора жанды. Жалпы өрттің көлемі 220 шаршы метр болды. Өртті сөндіруге 27 қызметкер және 6 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуды.

А. Қуаш