$523.58 €549.71 ₽5.01
×

«Азбука жилья» нысандарының құрылысын басқа компания аяқтайды

AstanaTV
07.07.2016ж. 20:00
3524
«Азбука жилья» нысандарының құрылысын басқа компания аяқтайды

«Азбука жилья» құрылыс компаниясының "проблемалы жеті тұрғын үйінде" құрылыс қайта жанданады. Жұмысты аяқтауды басқа компания мойнына алды. Бұл туралы әкімдікте өткен жиында белгілі болды. 3700 инвестордың ақшасын қалтасына басып, міндетін орындамаған компания нысандарын «Орда Инжиниринг» төрт жылдың ішінде қолданысқа береміз деп уәде етті. «Жетi жол», «Гарант», «Комсомольский», «Династия», «Садовые кварталы», «Комфорт» және «Айсанам DeLuxe» кешендеріне ақша құйған азаматтар тұрғын үй құрылыс кооперативіне бірігіп, «Орда Инжинирингпен» келісімшарқа отырыпты. Бірақ құрылыс компаниясы азаматтардан қосымша бір тиын да ақша алмаймыз деп отыр.

Самат Ордабай, «Орда Инжиниринг» басқарушы компаниясының бас директоры:

Ненің арқасында салынады? Бұны «Азбука жилья» компаниясымен 19 қазанда 2015 жылы біз келісімшартқа отырғанбыз. Олардан қалған шағын активтер бар. Солардың сатылымынан түскен қаражатқа, екіншіден, бос шаршы метрлердің сатылымынан түскен қаражатқа құрылыстың барлығы жүргізіледі. Келісімшартта көрсетілген бағалар, одан артық қаражат ешкімнен алынбайды.

Жеке инвесторлар алдында міндет алған құрылыс компаниясы «Азбука жилья» компаниясының мүлкінен "шектеулердің" алынуын күтіп отыр. "Аресттегі мүлік пен сатылмаған шаршы метрлердің саудасынан түскен қаражат құрылыс шығындарын толық жабады", - дейді компания өкілдері. Самат Ордабай, жеті нысанның алғашқы үшеуінің құрылысы осы айдың соңында жанданатынын жеткізді. Құрылысы тоқтап қалған тұрғын үйлердің кейбірі 40 пайызға дейін көтерілсе, «Садовые кварталы» нысанының жер телімі де толық сатып алынбаған.