Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тегін үйірмелер қысқартылмақ

AstanaTV
29.06.2022ж. 20:00
1949
Тегін үйірмелер қысқартылмақ

Қарағандыда шілденің 5-інен бастап, тегін балалар үйірмелері қысқармақ. Бұған кәсіпкерлер ғана емес, ата- аналар да қарсы. Мәдениет және спорт министрлігі Art sport жобасының ережелеріне өзгерістер енгізіп, қаржыландыруды екі есеге азайтуды ұсынған. Ұсыныс қабылданса, тегін шығармашылық және спорт үйірмелерінің 80 пайызы жабылуы мүмкін. Ал аз қамтылған отбасылар мен ауыл балалары сүйікті ісімен айналысу мүмкіндігінен айырылады - дейді кәсіпкерлер.  

Art sport жобасының мақсаты  – балалардың спорт және шығармашылық үйірмелерін қаржыландыру. Кәсіпкерлерге ақша бөлініп балалар тегін үйірмелерге қатысуда. Енді қаржы екі есеге қысқартылса, дамыту орталықтары жаппай ақылы қызметке көшуге тура келеді.

Айсұлу ЖҰМАБЕК, КӘСІПКЕР:

Дәурен Абаев айтады барлық балалар охват болу керек дейді. Барлығы қатысу үшін біз қазір осы сіздерге тарифті азайтамыз дейді сонда басқалар да қатыса алады дейді, тиімсіз ол дұрыс емес бұрыннна бері тегін қатысып келе жатқан балалар олар қалып қояды, не істейді енді? Платныйға шықсам мен мысалы қазір 100 бала келсе ол 100 баладан 20- ақ бала қатысады.   

Ата- аналардың айтуынша, ваучерлер, яғни тегін орындар да қысқартылмақ. Жаңа ереже бойынша бір бала бір ғана тегін үйірмеге қатысуы тиіс.

Мейрам ЫСҚАҚОВ, АТА- АНА:

Мысалы біреу спортқа да барғысы келеді, шығармашылық үйірмеге де барғысы келеді роботостроение дей ме, шахматқа барғысы келеді. Көп халықтың ондай екі жерге беруге жағдайлары жоқ, сондықтан осы жағдайды Үкімет басындағылар ойлану керек.


Кей үйірмелер біріктіріліп спорт және шығармашылық секция түрлері екі есеге азаймақ. Балалардың үйірмелерге қатысу жасы да ұлғайтылған. Тіпті жаттықтырушылардың халықаралық сертификаттары да жарамсыз, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері оқытуы тиіс. Мәселен шахматты шахмат шебері үйретпесе, кім үйретеді,- деген сұрақ туындайды.

Бауыржан ҚАСЫМОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Қазақстан бойынша мамандар жеткіліксіз болады. Себебі бізде шахматтан дайындайтын мекемелер жоқ. Сол себепті бұрынғы бағдарламалар бойынша мектептерге шахмат сабақтарды бергенде ол сабақтарды пән мұғалімдері берген. Яғни біз қазір сол кезеңге келіп отырмыз.

Мұның барлығы нәтижені төмендетеді деп дабыл қаққан жаттықтырушыларға дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы басу айтты. Бұл өзгерістерді бастамашыл топпен талқылауға келісті.

Рустам ҚОЖАБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Art sport жобасын қаржыландыруда бұрын ешқандай лимит белгіленген жоқ. Енді спорттың әр түріне мемлекеттен спорт басқармасына берілетін қаржының 10 пайызы бөлінетін болады. Бұл тапсырыс бүгінде бізде 13 пайызға жетіп отыр. Ал балалардың үйірмеге қатысу жасы спорт түрлеріне байланысты жарақат алу қаупіне сәйкес өзгертілді. Басқа ережелерді бастамашыл топпен комитетте талқылаймыз.

Жауаптылар мәселе әлі талқыланып жатқандақтын даурығуға негіз жоқ деп отыр. Ал ата- аналар мен кәсіпкерлер жоба ережелерін өзгеріссіз алдыруда қалайды.

А. Қуаш